Аңызға сенсек, бірде Бхарата патша өзінің қайтыс болған бабаларының сүйегін тазарту үшін Құдайдан су сұрапты. Қатты ағысты су жердегі тірі адамдарды шайып кетпес үшін Шива-құдай суға басын иіпті, содан ол су өзен болып, Шиваның ұзын шашын бойлай аға бастады.
Бұл «киелі өзенге» өлген адамдар жерленеді, тірі адамдар жуынады. Ақшасы барлар мәйітті өзен жағасында өртеп, суға күлін төгеді, кедей-кепшіктер мәйіттерін өртемей-ақ суға ағыза салады.
Төмендегі суреттер тым қорқынышты! Жүйкесі жұқа адамдарға қарамай-ақ қоюға кеңес береміз.
Рухын тазартамын дейтін үндістер денесін ластауда.
Үндістер бұл суға шомылады, тісін жуады, киімін жуады. Су жағасында сиырын жаяды.
Соған қарамастан, Үндістанға туристер көп келеді.
Үндістан үкіметі соңғы 15 жылдан бері суды тазартуға бағытталған бірқатар бағдарламаларын жүргізуде. Бірақ одан еш нәтиже жоқ.