Үндістанда шенеунік телефонын табу үшін қоймадағы бүкіл суды ағызып жіберген

Үндістанда шенеунік телефонын табу үшін қоймадағы бүкіл суды ағызып жіберген

Үндістанның Чхаттисгарх штатында азық-түлік инспекторы Раджеш Вишвас суға түсіп кеткен телефонын табу үшін бүкіл суды ағызып жіберген. Бұл туралы The Indian Express жазды.

32 жастағы Раджеш Вишвас демалыста селфиге түсем деп телефонын суға түсіріп алған. Екі күн бойы су астындағы телефонын табуға тырысқан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталған.

"Мен жергілікті болғандықтан, жүзуді жақсы білетін кейбір ауыл тұрғындары телефонымды табу үшін сүңгіді. Олар екі күн іздеді. Сосын суды сорғызуды ұсынды. Мен телефонның бұзылғанын, іздеуді тоқтатуды айттым, бірақ менімен қарым-қатынасым жақсы  олар "телефоныңызды тауып береміз" деп табандап тұрып алды", - дейді шенеунік.


Шенеунік суды шығаруға ауызша рұқсат берген Су шаруашылығы басқармасының жауапты қызметкеріне телефон соққан. Бұл су 600 гектар алқапты суаруға жеткілікті болар еді.

Нәтижесінде телефон табылған, бірақ бұзылып қалған. Ал Раджеш Вишвас қызметінен босатылды. Ол да суды ағызуға рұқсат берген қызметкер сияқты шығынды өтеуге мәжбүр болады.

Т. Раушанұлы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста