2023 жылдың ортасына қарай Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады. Бұл туралы БҰҰ баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Euronews-тің жазуынша, динамикалық өсімге сүйене отырып, Үндістан тұрғындарының саны жақын арада 1 миллиард 428 миллион адамды құрайды, бұл көрсеткіш Қытайдан небәрі 3 миллионға аз.
Бірақ БҰҰ-да әлем демографиялық тұрақтылықты нығайту үшін әйелдердің репродуктивті құқықтарына назар аударуы керек дейді.
«Әлемдегі ең көп қоныстанған елдердің рейтингі алдағы 25 жылда айтарлықтай өзгереді. Мысалы, қазіргі уақытта Үндістан халқы Қытай халқын басып озуда. Барлығы мұның нені білдіретінін білгісі келеді, бұл ретте адам құқықтары және әсіресе репродуктивті құқықтар бұзылады деген үлкен қауіп бар», - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоры атқарушы директоры Наталья Канем.
Сонымен қатар, бірқатар ресурстар, атап айтқанда World Population Prospects және Market Watch Үндістан қазірдің өзінде әлемдегі халық ең көп қоныстанған ел болғанын хабарлады. Мұндай тұжырымдар БҰҰ-ның 2022 жылдың соңындағы өсу динамикасы туралы деректеріне негізделген.
Өткен жылы планета халқының саны 8 миллиардтан асты, осылайша олардың үштен бірінен астамы екі елде тұрады. Сонымен қатар, халықтың көбеюі екі елде де баяулайды, әсіресе өткен жылы Қытайда тұрғындар саны соңғы 60 жылда алғаш рет азайған.