Үлгілі әке үш баласын өз қолымен өлтірген
Сакраменто тұрғыны Роберт Ходжес өзінің үш баласын өлтірген.
11 жастағы Келвин мен 9 жастағы Джулиді белбеумен қылқындырған. Ал жеті айлық Лукасты қалай өлтіргені беймәлім. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ ер адамның мұндай қылмысқа баруына не себеп болғанын мәлімдеген жоқ.

Болжам бойынша ол сол күні жұбайымен қатты ренжісіп қалған болуы мүмкін. 32 жастағы күдікті балаларынан кейін келіншегін де өлтірмек болыпты.
Туысқандары мен достарының айтуынша ерлі-зайыптылар өте тату болған. Ал Роберт үлгілі әке болған. Қазір ол қамауда. Адвокат алудан да бас тартқан.