Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала толығымен сүріледі
Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қатты қираған Нұрдағы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Zakon.kz тілшісі ntv-ге сілтеме жасап жазды.
Осман Билгин, Губернатордың міндетін атқарушы:
– Біз жойқын апатты бастан өткердік. Біз қала құрылысы министрі Куруммен бірге барлық үйіндіні алып тастаймыз, қаланы толығымен, 100% бұзамыз деп шешім қабылдадық. Қала қайта тұрғызылады.
Ол сонымен бірге қазіргі уақытта үйінділердің астында тірі қалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеп табудан үмітін үзбейді. Өйткені 18 жастағы Савдет Жошкун апаттан 160 сағаттан кейін аман-есен табылған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу