Түркияда жер сілкінісінен кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды

Түркияда жер сілкінісінен кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды

Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағаттан соң үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Құрамында Түркия қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, кеншілер, еріктілер бар құтқару бригадасы Абдул Муса көшесінің бойындағы жеті қабатты тұрғын үйдің үйіндісі астынан жас жігітті тапқан.

Сегіз күннен астам уақыт қиранды астында жатқан Четинді бірден ауруханаға әкетті.

1992 жылы 13 наурызда Түркияның Эрзинджан провинциясында жер сілкінісінен кейін 187 сағат өткенде Нурджан Эраслан есімді медбике құтқарылған болатын.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 31,6 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік туы бүкіл елде жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста