Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты – БАҚ
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391 адамға жетті, деп хабарлады жергілікті Anadolu агенттігі Түркияның төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) сілтеме жасап.
Бұған дейін 9 057 адам көз жұмып, 53 мыңға жуығы жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.
Hurriyet газеті зардап шеккендер саны 63 мыңға жуықтағанын жазды.
Дүйсенбі күні Түркияда екі жойқын жер сілкінісі болды. Ел президенті Тайып Ердоған жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады, табиғи апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай жарияланды.
Сирияның бірнеше өңірінде де жер сілкініп, ғимараттар қирады. Соңғы мәліметке сәйкес, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты. Үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу