Түркиядағы Қараманда экскурсия жасауға арналған автобус аударылып, салдарынан 26 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі TGRT Haber сайтына сілтеме жасап жазды.
Зардап шеккендердің ішінде үш адамның жағдайы ауыр.
Автобус жүргізушісі Сусакли Махаллеси Ахмет Келешоғлу мәдени орталығының жанында төбеге көтеріле алмады. Нәтижесінде ол рөлді басқара алмай, көлік аударылды.
Жүргізушінің өзін қосқанда 26 адам зардап шекті. Олар Ерменек мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болды ма, әзір белгісіз.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz