Тойда күйеу жігіттің әкесі қалыңдықтың ернінен сүйіп, басы бәлеге қалды
Қытайдың Яньчен округіндегі қалалардың бірінде үйлену тойында төбелес шықты. Алкогольдік ішімдік пен құмарлық екі әулеттің арасын біржола бұзды, - деп жазады L!FE.
Видеода күйеу жігіттің әкесі қолына микрофон алып, жас жұбайларды құттықтауға сахнаға шыққан. Мас күйде ол қалыңдықты құшағына алады. Бір кезде қайын атасы келінінің ернінен сүйе бастайды. Тойы болып жатқан қыз қаншалықты қарсылық білдіргеніне қарамастан, ер адам оны оңайлықпен жібермейтіні байқалған. Осы кезде екі жақтың өкілдері оларды арашалай түседі.
Видеоролик Қытайда және басқа да елдерде кеңінен таралып жатыр. Алайда осы жағдай болған екі жақтың туыстары әлеуметтік желіде видеоны таратпауды сұрап, отбасына тыныштық беруді талап етіп жатыр. Олар ешуақытта мұндай атақты болуды қаламайтынын айтқан. Күйеу жігіттің әкесі көпшілік алдында кешірім сұрап, өзінің мас болып, есін білмегенін айтады.