ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 7 маусым күні таңғы сағат 03:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқаны. Энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы – 4.8. Эпицентр координаттары – 37.97° с.е. 73.47° ш.б. Тереңдігі – 35 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.