Таиланд ханшайымы жемқорлық дауына байланысты тақтан бас тартты
Срирасми ханшайым ерікті түрде тақтан бас тартты деп хабарлайды патша сарайындағы мәлімдемеге сілтеме жасаған Gazeta.ru.
Ханшайым Таиландтың келесі патшайымы бола алушы еді. Тақ мұрагері ханзада Махи Вадчиралонгкорн жұбайының бұл шешімі оның отбасы мүшелеріне қатысты жемқорлық дауына байланысты жасалған.
Таиланд патшасы Пумипон Адульядет тақтан бас тартқан ханшайым өтінішін қанағаттандырды. Срирасми ханзадаға 2001 жылы күйеуге шыққан. Олардың он жасар ұлы бар, ол да әкесі секілді таққа мұрагер бола алады.
Кейбір БАҚ-та 87 жастағы Пумипона Адульядеттің денсаулығы соңғы кездері күрт нашарлаған деген ақпараттар жүр. 5 желтоқсанда монархтың туған күні аталып өткен, алайда ол жоспарланғандай бұл күні халық алдына шыға алмады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу