Ресейде түсік жасатуға тыйым салу мәселесі қызу талқыға түсті

Ресейде түсік жасатуға тыйым салу мәселесі қызу талқыға түсті

Түсік тастау түйткілі бүгінде күн санап күрделене түсті. Кейінгі кездері Ресей жасанды түсік тастау жағынан көш бастаған елдер қатарында тұр.

Көршілес елде болып жатқан келеңсіз жағдай түбі бізге келмесін десек, қазірден бастап қам жасауымыз қажет. 1 немесе 2 баласы бар 30 жастағы әйел. Құрсақтағы ұрпағынан безінетін азаматшалардың негізгі сипаттамасы осындай. Дәрігерлер отбасы құруды алдын ала жоспарлау керек деп шыр-пыр. Дегенмен шешім қабылдаған әйелге ештеңе де кедергі емес дейді олар. Дін белсенділері түсік жасатуға үзілді-кесілді тыйым салу керек деп шешсе, саясаткерлер мұны медициналық тегін қызметтер қатарынан алып тастау қажеттігін айтады.

Евгения Балашова, Отбасыны жоспарлау орталығының жетекшісі:

- Көбінесе 2-3 жерде жұмыс істейтін әйелдің 2 немесе 3 баласы болады. Ал күйеуі жұмыссыз. Сондықтан тығырықтан шығу үшін әйелдер амалсыз осындай қадамға барады. Жасанды түсік тастау – бұл үлкен қатер. Мұндай шешімге баратын жандар негізінен өте қиын жағдайда болады. Яғни қаржылық мәселеде немесе отбасылық жағдайға байланысты. Әрбір ресейлік әйелдің түсік жасауға баратын себебі – қалтаның жұқалығы. 2014 жылдан бері кедейлік деңгейі өсіп келеді. Жұмыссыздардың ресми саны осы күні 4,5 миллионға жетті. Шамамен 5 млндай адам ең төменгі жалақыны алады. Ресей үкіметінің вице-премьері Ольга Голодецтің айтуынша, кедейлік мемлекеттік қызметкерлерді де айналып өтпеді. Ал түсік жасау мәселесінде саясаткер оңтайлы шешімді табу қажеттігін айтты.

Ольга Голодец, Ресей үкіметінің вице-премьері:

- Бізде өткен жылғымен салыстырғанда жасанды түсік жасаушылар саны 100 мыңға азайды. Алайда соның өзі өте үлкен сандарды көрсетіп тұр. Егер 1 млн 900 мың нәресте туылса, сонымен қатар 700 жасанды түсік жасалуда. Әрине, ол біздің демографияға кері әсерін тигізері сөзсіз. Алайда бұл жерде қабылданатын шешім жан-жақты қарастырылуы тиіс. Ресейдегі әрбір үшінші бала толық отбасында тәрбиеленбейді. Алимент қарыздары осы күні 92 млрд рубльге жетті. Дәл осындай әлеуметтік-демографиялық қиын жағдайда түсік жасатуды тегін қызметтер қатарынан алып тастасақ, жағдай мүлде ушығуы мүмкін деп есептейді заңгер әрі 4 баланың анасы Людмила Айвар. Себебі ондай жағдайда жасырын клиникалар, ауруға шалдыққан әйелдер мен мүгедек балалар саны көбейеді.

Людмила Айвар, заңгер:

- Демографиямыз жақсарсын десек, халықты қаржылық-экономикалық жағынан қамтамасыз етуіміз керек. Түсік тастауды медицина жүйесінен алып тастау арқылы бюджетті үнемдеу дегеніңіз дұрыс шешім емес. Одан кейін әйелдер түсікті өте қиын жағдайларда жасай бастайды. Сосын ауру әйелдер қаптап, жалған клиникалармен күресу деген мәселе пайда болады. Ал оған біз одан да көп қаржы жұмсап кетуіміз ықтимал. Себебі әйелдер жертөледе, сарайларда, кемпір-балгерлердің лашықтарында түсік тастауға көшетін болады.

Аталған мәселеде мәдениеттілік, экономика және адам құқықтары секілді тақырыптар бір-бірімен астасып жатыр. Сондықтан түсік жасатуға тыйым салу қоғамды екіге жарып тастады десек те болады.

24.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста