Қытайдың Чунчин қаласында ветеринарлар бұған дейін көлік қағып кетіп, өліп қалған мысыққа кесарь тілігін жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап отыр.
Оқиға куәгерлері жолда жатқан мысықты көріп қалған. Олар мысықтың іші үлкен екенін байқап, ішінде оның буаз екенін шамалады. Жолда жатқан мысықтың қасынан өтіп бара жатқандардың арасында ветеринар дәрігер болып, өлі жануарды емханаға апарды. Мамандар жүргізген отаның арқасында дүниеге дені сау алты мәулен келді.
ҚазАқпарат