Нью-Йоркте теракт ұйымдастырған өзбекстандық мигрант 260 жылға сотталды
Нью-Йорк орталығында теракт ұйымдастырған Өзбекстан тумасы 8 мәрте өмір бойына және 260 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың Әділет министрлігі Өзбекстанның 34 жастағы тумасы Сайфулло Саиповқа шығарылған үкімді жариялады. Ол 28 бап бойынша кінәлі деп танылды. Прокуратура оны өлім жазасына кесуді талап етті, бірақ алқабилер соты шешімін орындау туралы келісімге келе алмады. Соның нәтижесінде ол 8 өмір бойына және 260 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Саиповке сегіз мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы жазықсыз қаза тапқан сегіз адамның өмірі үшін берілді. 260 жыл бас бостандығынан айыру жазасы – Саиповтың 18 адамды, оның ішінде төрт баланы өлтіруге оқталғаны үшін ең жоғары жаза мерзімі ретінде берілді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, лаңкестік әрекет 2017 жылдың 31 қазанында сағат 15:15-те Нью-Йорк орталығында болған. Саипов көлігін велосипед жолындағы адамдарға қарай бұрып, мектеп автобусына соғылған, артынша адамдар тобына оқ жаудырған. Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 15 адам жараланған болатын.