Мектеп күзетшісі 11 жасар қызды екі жыл бойы зорлап, жүкті қылған
11 жасар қытай қызын 50 жастағы күзетші екі жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы жәбірленушінің ата-анасы жасөспірім жүктіліктің бесінші айына келгенде бір-ақ білген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Леленің анасы қызының денсаулығы сыр беріп жүргендіктен дәрігерге алып барады. Тексеру нәтижесінде ол жүктіліктің бесінші айына келгені анықталған. Мұндай сұмдықты естіген әйел қызын мектепте зорлады деп күдіктеніп, бірден полицияға хабар беріпті.
Белгілі болғандай, 50 жастағы мектеп күзетшісі Лю Баомин екі жылдан бері оқушыны зорлап келген екен. Оқу орнынды бес жылдан бері жұмыс істеп жүрген азаматтың үстінен ешқашан шағым түспеген және өз отбасы бар болып шықты.
Айта кету керек, Леле сыныбында ең үздік оқитын оқушылардың бірі болған. Ал соңғы уақытта ол тым сабырлы болып қалыпты.
Тәртіп сақшылары қылмыскерді қамауға алып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.