Мәскеуде Путиннің сенімді адамдарының бірін атып кетті
Ресей Президенті Владимир Путиннің күзетшісі болған және онымен бірге "ядролық чемоданын" алып жүрген ФСБ полковнигі Вадим Зиминді белгісіз біреулердің атып кеткені туралы ақпарат тарады. Кейбір дерек көздері оның алған оқ жарақаты салдарынан өте ауыр күйде халде жан сақтау бөлімінде жатқанын айтады.
Вадим Зимин Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы пәтерінде 20 маусымда жаралы күйде жатқан жерінен табылған. Қасында 79-9ТМ травматикалық тапанша болған.
Зимин Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істегені белгілі.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Зимин кеден қызметінде жұмыс істей бастағаннан кейін пара алды деген айыппен қылмыстық істі тергеуге байланысты үй қамауында отырған. Жақында түрмеге қамалуы тиіс болған.