Маймылдың сэлфиіне авторлық құқық беруді сұрапты
Сан-Франциско билік өкілдері жануарлардың өзін түсірген фотоларына құқық берілмейді деп шешті. Интернетте аса танымалдылыққа ие болған суретті фотограф Дэвид Слейтердің камерасымен маймылдың өзі түсірген екен. Бұдан кейін индонезиялық азамат Слейтердің үстінен арыз түсіріп, мәселе сот отырысында қаралды, деп хабарлайды CNN.
2011 жылы индонезиялық Наруто есімді макаканың сэлфиі ғаламтордың көзайымына айналған соң, америкалық фотограф Дэвид Слейтердің үстінен арыз түскен. Онда маймыл Дэвидтің камерасын алып, фотоны өзі жасағандықтан авторлық құқық фотографқа тиесілі емес екені айтылған, деп жазады vesti.ru.
Өзгенің фотосын өзінікі етіп алды деген ұранмен «Жануарларға этикалық көзқараспен қарау» (PETA) ұйымы арызды қолдай жөнелген. Жануардың қорғаушылары фотографтан суреттің гонорарын қайтаруды талап етті.
7 қаңтарда Сан-Франциско аймақтық соты маймылдарға сурет үшін авторлық құқық берілмейтінін мәлімдеді. Жануардың қорғаушылары осы процестің өзін жеңіске балаған болды.
bnews.kz