Мексиканың Энкарнасьон-де-Диа қаласындағы коррида кезінде жантүршігерлік оқиға болды. Бұл туралы Mirror хабарлады.
Бақылаудан шыққан 2 бұқа матадорлар мен көрермендерді сүзіп, қатты жаралады. Сонымен қатар стадиондағы оператор мен фотограф та жарақат алды. 10-ға жуық адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Көбінің қол-аяқтары мен арқалары жыртылған. Абырой болғанда оқиғадан ешкім қаза таппады.