Канаданың 400-ден астам провинциясында жалын дес бермей тұр

Канадада тілсіз жау күшейіп тұр. Орман өртінен елде 4 млн гектар аумақ күлге айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Хабар.24 сілтеме жасап.
 
 
Канададағы орман өрті енді көрші елдерге де қауіп төндіріп тұр.

Канадада орман өрті бірнеше апта бойы дес бермей тұр. Елдің батысы мен шығысында қалаларды көк түтін басты. Бірнеше күнде 4 млн.-ға жуық гектар жасыл алқап күлге айналды. Мұндай жағдай елде бұрын соңды болмаған дейді тұрғындар. 400-ден астам провинцияда лаулаған жалын дес бермей тұр. Елде 100 мыңдай адам эвакуацияланды. Соңғы деректерге қарасақ, елдің шығысында 9 мың 600 гектар аумақ өртенген. 

 Орман өртінен канадалықтар көп зардап шегіп жатыр. Күннің ыстық болуынан ормандардағы ағаштардың өртенуі жиіледі. Мысалы, Британиялық Колумбия аймағында қазір 82 жерде алқап өртке оранған. Сәуір айынан жарты милиион гектар жер жанып кетті,  - деді   Канаданың төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Боуинн Ма.
Тілсіз жауды ауыздықтауға екпінді жел кедергі болып, қызыл жалынның бағыты өзгеріп тұр. Бұл өртті сөндірушілердің жұмысын қиындатты. Жергілікті билік Тумблер Ридж қаласын эвакуациялау туралы бұйрық шығарды. Қара түтін бүкіл елді торлап тұр, 

 Бүкіл ел бойынша адамдар зардап шегуде. Әсіресе денсаулығында кінәраты бар адамдарға қауіпті. Ашық аспан астындағы іс-шаралар тоқтатылды, балаларды үзіліс кезінде сыныптан шықпауы тиіс, -  Канада премьер-министрі Канада премьер-министрі
Халық далаға бетперде тағып шығуға мәжбүр. Дерекке сүйенсек, Канадада биыл жыл басынан 2 мың өрт ошағы тіркелген. Орман өртінің өршуіне, аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болып отыр. Билік өкілдері ауа ластанып жатыр, тұрғындар сақ болуы қажет деп ескерту жасады. 

АҚШ қалаларын түтін тұмшалады 

Көрші елдегі орман өрті АҚШ тұрғындарын әбігерге салды. Құрама штаттардың шығыс аймақтары көк түтінге оранды. Ауа сапасының күрт нашарлауынан мектептер жабылып, рейстер кешіктіріліп жатыр. Нью-Йоркте ауа сапасы қалыпты межеден 8 есе асып кеткен. Тыныс аурулары асқынып, дәрігерлерге жүгінген тұрғын көп. Қала губернаторы төтенше жағдай жариялады. 

 Далаға шығып, спортпен айналысу мүмкін емес. Демікпе немесе басқа да тыныс аурулары бар азаматтарға көшеде ұзақ уақыт жүру, тіпті қауіпті. Ауаны басқа ел ластап жатса қандай шара қолдануға болады?,- дейді  турист Гэри Хартман.

Дегенмен, АҚШ-та Нью-Йорк, Вашингтон және Филадельфия сияқты үлкен қалалардың аспаны сейіліп, ауа сапасы біршама жақсарды. Алайда, жел бағытына қарай көк түтін елдің орталық және оңтүстік штаттарына тарап жатыр. Бұл кейбір шаһарларда әуе рейстерін тағы да кейінге шегеруге мәжбүр етті. Мамандар болса, ауадағы зиянды заттар бірнеше күнсіз кетпейді деп ескертті. Қазір Канададағы тілсіз жаумен күресуге көрші елдердің де мамандары тартылды. Елге көмекке жан-жақтан күш жұмылдырылған. Тілсіз жаумен күресуге Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Африка елдерінің өрт сөндірушілері де қосылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста