Ер адам 36 жылдан кейін ішінде егізінің сыңары болғанын білді
Үндістанның Нагпур қаласында 36 жастағы ер адамның ішінен егізінің сыңары табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Санджу Бхагатаның іші үлкен болғаны соншалық, оны "жүкті еркек" деп атап кеткен. Ал ер адам ауруханаға түскенде дәрігерлер мұны үлкен ісік деп ойлапты. Ісіктің үлкен болғандықтан ер адамның тыныстауы да қиын болған.
Дәрігерлер ота жасаған соң мұның ісік емес екенін анықтапты.
"Ол қолын ішіме кіргізген соң сүйектердің көп екенін айтты. Алдымен бір буынын, сосын басқасын алып шықты. Кейін жыныс ағзаларын, шаш, буын мен жақты алып шықты", – дейді Бхагат ота туралы.
Анықталғандай ер адамда fetus in fetu немесе "эмбрион ішіндегі эмбрион" атты ауытқу болған. Бұл уақытқа дейін Бхагаттың ішінде егізінің сыңары болған.