Ресейдің 71 жастағы тұрғыны екі өзбекстандықты саяжайда жұмыс істеу үшін 200 долларға сатып алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Podrobno.uz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап жазды.
Ресейде заңсыз өмір сүрген 31 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел құлдыққа түскен. Олар полиция келгенше, алты айға жуық бақшада жұмыс істеді.
Зейнеткер ұсталып, "Адамды ұрлауға қатысы жоқ заңсыз бас бостандығынан айыру" және "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Өзбекстандықтарды сатқандар іздестіріліп жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz