Бәсекеге ең қабілетті бес ел. Қазақстан нешінші орында
Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі 300-дан аса, дәлірегі, 333 өлшем (соның ішінде бизнеске жағдай жасау мен инфрақұрылым тиімділігі) негізіндегі талдау мен сараптамаға байланысты бағаланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі ceda.com.au ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Халықаралық менеджменттік даму институты (International Institute for Management Development, IMD) мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің биылғы рейтингісін түзді, дәлірегі, жыл сайын жүргізілетін бұл тараптағы рейтингті жаңартқан.
IMD дерегі бойынша Дания бұрынғыша көш бастап, өз орнын сақтап қалған.
Ал екінші орыннан Ирландия көрінген – бір жыл ішінде бұл рейтингте 11 орын алға жылжып, жоғары экономикалық көрсеткішке қол жеткізген.
Алғашқы үштікті Швейцария аяқтаған – өткен жылғы позициясына қарағанда бір орын кейін шегінген.
Төртінші орынға Сингапур жайғасқан, бесінші орынға Нидерланды табан тіреген.
Аталмыш рейтингте Қазақстан 37-ші орынға иек артқан, былтырғы көрсеткіші – 43.