Бакудегі Әлем кубогында ел қоржынына екі алтын медаль түсті
Бакудегі жарыста 16 елден келген 60 таңдаулы гимнаст өнер көрсетті.
Әзербайжан астанасы Бакуде батутта секіруден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтті. Жалпы жыл аяғына дейін 5 кезең жоспарланған. Бұл бәсекеде Ұлттық құрама 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. Жекелей сында отандық спортшы Данил Мұсабаевқа тең келер ешкім болмады.
Байрақты бәсекеде қарағандылық 59.240 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар жұптық сайыста Данил мен Пирмаммад Алиев синхронды секіруде топ жарды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Бакудегі жарыста 16 елден келген 60 таңдаулы гимнаст өнер көрсетті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу