Австриялық атақты актер балалар порнографиясы бойынша сотталмақ
Австрияның кино өнерінде үлкен дау шықты – елге танымал актер Флориан Тайхтмайстер балалардың порнографиялық суреттері бар 60 мыңға жуық файлды жеке флешкасында сақтап келген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Бірнеше аптадан кейін өтетін сот отырысында актер кінәсін мойындайды деген ақпарат бар. Егер сотта оның кінәсі толық дәлелденсе, әртіс екі жыл түрмеге қамалуы мүмкін.
Әзірге, бұл ақпарат белгілі болған соң Австирияның мәдениет саласында актерға қатысты бойкот жарияланған.
Мәселен, Еуроньюс агенттігінің жазуынша, елдегі кинотеатрлар Тайхтмайстер басты рөлдердің бірін сомдаған «Корсаж» тарихи фильмін айналымнан алып тастаған.
«Актер сотта кінәсін мойындайды. Ол соңғы екі жыл бойы емделген, өйткені балалардың порносуреттерін бойындағы психикалық ауытқуы бар кезде жинаған болатын. Бұл дертін емдеді, енді билікпен келісімге келіп, бүкіл жауапкершілікті мойнына алады. Яғни, сотта порносуреттер тек цифрлы түрдегі қылмыс екенін, ал шын мәнінде ешкімге зиянын тигізбегенін айтады», - дейді актердің адвокаты Михаэль Рами.