Ұлыбритания тұрғыны өзінің денесі 6 жыл бойы «өзін іштей жеп келгенін» айтты. Оның тәні ауру салдарына ешқандай тамақты қабылдамаған. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
45 жастағы Ли Бэйкер 2009 жылы өзінің саркоидоз дертіне шалдыққанын білген. Арада біраз уақыт өткеннен кейін оның 2-типтегі сусамыр дертіне шалдыққаны анықталыпты. Ер адам ем-дом қабылдаған 4 жыл ішінде айтарлықтай оңала қоймаған. Мұнан кейін 6 жыл көлемінде гастропарезден зардап шеккен. Мұндай ауру кезінде асқорытылуы бұзылып, асқазан бұлшықетінің белсенділігі төмендейді.
Салдарынан ер адам қатты тамақ жей алмай, арықтап кеткен. Ол күніне 4 стақан сүт коктейлін ішіп, соңғы екі жылда 114 келіден 50 келіге арықтаған.
«Қатты зат жесем болды, 1-2 минуттан кейін жағдайым нашарлап, сыртқа әрең шығатынмын. Менің бұлшықеттерім мен майларымды ауру жеп қойды», – дейді Бэйкер.
Ал Бэйкердің жұбайы сол кезде күйеуінің құр сүлдері ғана қалғанын айтады. Ол күйеуі үшін қатты уайымдаған. Айтуынша, ол күш-қуатынан айырылып, күнделікті шаруаларын жасай алмай қалыпты. Алайда әйеліне қиналғанын білдірмес үшін күлік жүруге тырысқан.
«Осындай түрлі дертке шалдыққан кезде ең ауыр болғаны – өзгелердің мендегі қиындықтарды өзім қолдан жасап алғандай көргені», – дейді ер адам.
Бэйкердің жұбайы бірде мақала көріп қалған. Осыдан кейін бәрі өзгеріпті. Сол кезде отбасы ауруханаға барып, тиісті ем алған. ынталандыратын процедуралардың арқасында Бэйкер екі айдан кейін 6 жылда алғаш рет қатты тамақ жеді.
«Менің алғашқы тамағым – екі тілім нан мен, шабдалы йогурты болды. Бұл менің өмірімдегі ең дәмді тағам болып көрінді», – дейді ол.
Нәтижесінде ер адамның жағдайы жақсара бастаған. Ол бұрынғыдай тамақтана бастап, тіпті, сусамын дертінен жазылған. Бэйкер 2-3 аптаның ішінде 10 келі салмақ қосып, сырт келбеті де өзгеріпті. Дертімнен сауығуым өміріме «айрықша мән-мағына» берді, дейді ол.