Ауыл тұрғындары сиқыршы әйелдің басын алды
Үндістанның Ассам штатындағы бір деревняның тұрғындары ауылдас кексе әйелге сиқыршылықпен айналысады деген айып тағып, оның басын алды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Ауылдастар жасы 63-тегі әйелге жұрт арасына ауру таратып жүр деген күдік келтірген.
Бұған себеп, Сонитпур ауданындағы деревня тұрғындары бір сырқатпен ауырған. Жұрт сол кезде «Пурни Оранг ауру таратады» деген сөзге сеніп қалған.
«Осыдан кейін ауылдастар жаңағы әйелді албасты деп жариялап, бәрі жабылып өлтірген», – деді жергілікті полицей осыған байланысты.
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, соңғы жарты жылда Ассам штатында жергілікті жұрт сиқыршы және құшнаш деп есептеген 90-ға жуық адам (басым бөлігі әйелдер) өлімші етіп соққыға жығылған немесе өртеп жіберілген.
ras.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу