АҚШ президенті Джо Байден Киевке келді

АҚШ президенті Джо Байден Киевке келді

АҚШ президенті Джо Байден Киев қаласына келді. Байденнің Киевтегі Михайловская алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінің алғашқы фотолары мен видеолары бұқаралық ақпарат құралдарында пайда бола бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Зеленский Telegram арнасында "Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз - барлық украиндықтар үшін қолдаудың өте маңызды белгісі" - деп жазды. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Мельник бұған дейін эфирде сөйлеген сөзінде елге Байденнің келетінін меңзеген. 

"Дайындалып жатқан тосын сый сәтті болады деп сенемін. Өйткені, ауқымды басқыншылықтың бір жылдығы қарсаңында біз сөз жүзіндегі қолдауды ғана емес, одан да үлкені, Киевте біздің маңызды, басты серіктестеріміздің болуын көреміз", - деген ол.

Байденнің Польшаға сапары 20-22 ақпан аралығында жоспарланған. 21 ақпанда ол Польша президенті Анджей Дудамен кездеседі деп күтіледі.

Еске салайық, Зеленский Вашингтонға өткен жылдың желтоқсан айында Польша арқылы АҚШ әуе күштерінің ұшағымен ұшқан. Байден екеуі 21 желтоқсан күні кешке кездескен. АҚШ президенті Зеленскийді "ұлы көшбасшы" деп атап, оны жақында Time журналы "Жыл адамы" атануымен құттықтады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста