Әйел сүті қосылған кофеге сұраныс артуда
Нарықта тағы да бір кәсіп көзі пайда болды. Ресейлік кәсіпкер Максим Кобелев әйелдің сүтінен кофе жасап, болашақта бұл кәсіпті әрі қарай дамытқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Желіде таралған ақпарат көзіне сүйенсек 1 стақан әйел адамның сүті қосылған кофенің құны 3600 теңге . Бір нүктесіне қазір 5 литр әйелдің сүті қосылған кофелерге сұраныс бар.
Кофехана иесі әлеуметтік желі арқылы жаңа босанған қала тұрғындарын тауып, алдын ала тапсырыс беріп, әйелдердің сүттерін сатып алады екен. Бір пакет әйел адамның сүті үшін мың рубль (5600тг) төлейді. Содан кейін сүт қаладағы кофехананың үш нүктесіне таратылады. Ал сүтін сататын әйелдерге қойылатын басты талап, ауруханадан арнайы анықтаманы көрсету.
«Қазір тоғыз анамен тығыз байланыстамыз. Олардан күніне бес литр сүтті сатып алып, тұтынамыз. Салыстырмалы түрде, әйел адамның сүті қымбат. Сондықтан кофеніде қымбатқа сатамыз. Ал күніне шамамен 45-50 стақан кофе дайындаймыз»,- деді Максим Кобелев.
Кәсіпкердің айтуынша бұл көрсеткішті жылдың соңына дейін дамытып, күніне мың стақан кофе сататындай дәрежеге жету.
Желі қолданушылары бұл кәсіп көзіне қатысты «Жиіркенішті, мен алмас едім», «Алла сақтасын, мынаны біздікілер жасап жүрмесін, ана сүті тек қана нәрестеге ғана, күйеуі де әйелінің омырау сүтін ішуге болмайды, ішкен жағдайда әйелі емес, сүт анасы болып кетеді», «Ананың сүті сәбиге арналған, кофеге емес» , деп ойларын ортаға салуда.