122 сағат үйінді астында: Түркияда екі жасар қыз құтқарылды

122 сағат үйінді астында:  Түркияда екі жасар қыз құтқарылды

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакья қаласында ғимарат құлағаннан кейін 122 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан екі жасар қызды алып шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Aнадолу ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан жандармерия қызметкерлері Гюнеш көшесіндегі үйлердің бірінің қирандысы астында қалған баланың дауысын естиді. Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді.

 

Бұған дейін хабарланғандай, эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 20 мыңнан асты, 80 мыңнан астам адам зардап шекті.

 

Дүйсенбі, 6 ақпанда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 4:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді.

 

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат зардабына байланысты Түркияда жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады. Бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

 

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста