11 жастағы күйеу жігіт пен 14 жастағы қалыңдық тойларын дүркіретіп өткізді (фото)

11 жастағы күйеу жігіт пен 14 жастағы қалыңдық тойларын дүркіретіп өткізді (фото)

Ресейдің Новосібір қаласындағы "Аура" сауда орталығында ерекше үйлену тойы өткен. Сыған ұлтының өкілдері жасаған бұл тойдың басты кейіпкері, яғни күйеу жігіттің жасы - 11-де, қалыңдықтың жасы - 14-те. Күйеу жолдас болған адамның жасы небәрі 10-да екен, - деп жазады L!FE. Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған үйлену тойы жайлы ресейлік БАҚ жарыса жазды. Осы материалдар негізінде Новосібір облыстық ІІД бас басқармасы тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Заңгерлердің айтуынша, тексеріс жүргізуге әбден негіз бар.

АХАЖ 11 жастағы баланың некесін қиюға рұқсат бермейді, сол себепті сығандар үйлену тойын өз дәстүрі бойынша жасаған. Заңгерлердің айтуынша, қамқорлық ведомстволарының мамандары да осы істі тексеру қажет, себебі олардың басты мақсаты балалар зорлық-зомбылыққа тап болмауы тиіс.


Осындай жағдай 2016 жылы Екатеринбург қаласында болған. Петро мен Лаураның жасы 14-те және 10-да болған. Екі жылдан соң Лаура жүкті болып, артынша қиындықтар туындаған. Тергеу комитеті осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 131-бабы ("14 жасқа толмаған жасөспіріммен оның әлсіздігін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу") бойынша іс қозғаған. Осы баптың жазасы бойынша, сотталушы 12-20 жылға бас бостандығынан айырылады. Сол жылы сығандар Саратов облыстық құқық қорғау органдарына 13 жастағы Забар мен 19 жастағы Биланның "отбасын" ойран етті деп арыз түсірген. Забар есімді қыз 7-сыныпта оқып жүргенде дүниеге сәби алып келген. Тергеу комитеті осы дерекке қатысты да іс қозғады.

Отбасылық құқық бойынша заңгер Виктория Дергунованың айтуынша, осындай жағдайда үйленіп жатқан балалардың ата-анасын жауапкершілікке тарту қажет екен. "Бізді жастайымыздан тұрмысқа береді, себебі біздің қыдырып, еркектермен ойнас құрып жүрмеуіміз үшін ертерек күйеуге беріп жібереді. Енді не сығандардың барлық баласын қамайсыздар ма?", - дейді Екатеринбургте тұратын сыған қыз.

"Олар бірін-бірі сүйеді, қайтеміз енді? Біздің дәстүріміз сондай болса, не істейміз", - дейді Саратов облысындағы сығандар. Алайда сығандар дәстүрін зерттеп жүрген маман Надежда Деметрдің айтуынша, бұл салт қазіргі уақытта қолданылмайды екен. "Бұл бірен-саран болатын жағдай, сығандардың үйлену жасы 18-19-ға дейін көтерілген. Сығандардың арасында кэлдэрари тобы бар, ерте үйленуді солар ғана құп көреді. 11 жаста баланы үйлендіру деген барып тұрған бассыздық", - дейді маман.

"Аура" сауда орталығының өкілі Евгения Иванова сығандардың отбасы үйлену тойын жасағаны туралы деректі растап берді. Дәрігерлер де осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Сексолог, психиатр Владимир Файнзильберг физиология тұрғысынан осы жаста жыныстық қатынасқа түсу қалыпты жағдай екенін айтады, себебі Оңтүстіктің балалары ерте жетіледі екен.

Психолог Ольга Селькова 10 жастағы баланың жыныстық қатынасқа түсу туралы шешімді өздігінен қабыладй алмайтынын айтады. Ресейлік БАҚ беттерінен осы жаңалықты оқыған көптеген қолданушы өз балалары үшін алаңдайтынын жазған. "Қамқорлық ұйымдары қайда қарап отыр? Қандай салт-дәстүр ол зорлыққа итермелейтін! Сұмдық-ай... ", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Тengrinews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста