Саналы таңдау – сапалы тұрмыс кепілі

Саналы таңдау – сапалы тұрмыс кепілі

Адамның жер бетіндегі тіршілігі табиғатқа орасан зор залал келтіруде. Өйткені бертін келгенше адамдар «өзімізден кейін жер бетінде күл болмаса, бүл болсын» деген қағидамен өмір сүрді. Адамзаттың бағына қарай кейінгі жылдары «жасыл экономикаға» деген бетбұрыстың арқасында табиғатқа деген жанашырлық күшейе бастады.

Жасыл экономика – адамның жер ресурстарына жауапкершілікпен қарауына ықпал ететін экономикалық дамудың бір моделі. Бұл адамның тұрмыс тілшілігінің жайлылығы мен табиғи байлықты сақтауды көздейді. Экономикалық даму өндіріс пен тұтынудың үздіксіз өсуімен қатар жүреді. Соңғы елу жыл ішінде жер бетінде өркениеттің 1950 жылға дейінгі бүкіл кезеңімен салыстырғанда көбірек өнім шығарылды.

Бір жағынан, өндірістің қарқынды дамуы халықтың әл – ауқатын арттыруға ықпал етеді, ал екінші жағынан экологияға теріс әсер етеді. Жыл сайын адамдар 11 миллион гектардан астам орманды жойып, атмосфераға 20 миллиард тонна көмірқышқыл газын шығарады, 300 миллион тоннадан астам пластикалық қоқыс шығарады. Егер осы процес үздіксіз жалғаса беретін болса, адамзат жаһандық экологиялық апатқа ұшырайды. Жаңа экономикалық тұжырымдама экономикалық өсу мен табиғи ресурстарды сақтау арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында жасалды. Ол үш аксиомаға негізделген:

·        Шектеулі кеңістікте әсер ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес.

·        Жер ресурстары шектеулі, яғни тұтынудың өсуінен ерте ме, кеш пе ресурс таусылады.

·        Жер бетіндегі барлық процестер бір-бірімен тығыз байланысты.

Көптеген елдер экология мәселелерімен шындап айналысып, теріс антропогендік әсермен күресу үшін экономикалық шаралар кешенін жасады. Бұл салада Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай мемлекеттері алға шықты. Елімізді дамыған елдермен салыстыруға келмесе де, жасыл экономика жылдан жылға дамып келеді.

Жасыл экономика принциптері

2012 жылы БҰҰ Экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде негізгі қағидаттар тұжырымдалды.

Тиімділік және жеткіліктілік қағидаты

Жер ресурстарын пайдалану табиғи жүйелерді қалпына келтіруге зиянсыз болатын деңгейге дейін шектеледі. Мемлекеттер тұрақты өндіріс пен тұтынуды қолдайды, төмен көміртекті және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізеді.

Тұрмыстық жайлылық принципі

Халықтың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте оның өлшемдері қайта қаралуға тиіс. ЖІӨ деңгейі (жалпы ішкі өнім) – әл-ауқатты бағалаудың жарамсыз құралы, өйткені ол экологиялық факторды ескермейді.

Сау планета принципі

Мемлекеттер экологияны қалпына келтіруге және табиғи әртүрлілікті сақтауға инвестиция салуы керек. Жаңа жүйенің Ұраны: «Біз жерді әкелерімізден мұра еткен жоқпыз, оны балаларымыздан қарызға алдық».

Жасыл экономика кезеңдері

Бүгінгі таңда жаңа экономикалық модельге көшу қажеттілігі күмән тудырмайды. Бірақ мұны сақтықпен жасау керек. Әйтпесе, экологиялық апаттан басқа, әлем үлкен қаржылық шығындар мен әлеуметтік-саяси проблемаларға тап болады. Көшудің негізгі кезеңдерін Еуропалық Одақ енгізген экологиялық бастамалар мысалынан байқауға болады.

Қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіріске инвестицияларды азайту

Мысалы, Еуропалық инвестициялық банк (жеңілдетілген несие беретін мемлекеттік банк) 2022 жылдан бастап газ жобаларына несие беруді тоқтатады. Сарапшылардың пікірінше, болашақта бұл саланы жеңілдетілген мемлекеттік несиелерден айырып қана қоймай, оның жеке инвесторлар үшін тартымдылығын төмендетеді.

Өнеркәсіптің «лас»  салалары үшін салық жүктемесін арттыру

2026 жылы Еуропарламент көміртегі салығын енгізуді жоспарлап отыр. Өндірісі көмірқышқыл газының ауқымды шығарылуына байланысты тауарларды ЕО-ға әкелгені үшін ақы алынатын болады. Еуропалық өндірушілер, өз кезегінде, шығарындыларға квота сатып алудан босататын жеңілдіктерден айырылады.

«Жасыл» салаларды қаржылық қолдау

Еурокомиссия 2019 жылдың соңында әзірлеген "Жасыл стратегия" шеңберінде 2030 жылға дейін ЕО климаттың өзгеру салдарын болдырмауға 260 млрд еуро бөлуді жоспарлап отыр. Стратегия бірнеше бағытты қамтиды: биоәртүрлілікті сақтау, көлік шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, органикалық ауыл шаруашылығын дамыту.

Ресурстарды қажет ететін өндіріс әдістерін қысқарту

ЕО елдерінде соңғы он жыл ішінде жабық цикл экономикасына көшу жүріп жатыр. Мұндай экономикалық модель өндіріс пен тұтыну кезінде материалдардың тұрақты циклін қамтиды. Жаңа өнімді жасау кезінде компания оны жою немесе қайта өңдеу, материалдарды қайта пайдалану тәсілдерін алдын-ала ойластырады.

Жасыл экономика және тұрақты даму тұжырымдамасы

Тұрақты даму ұғымы 1987 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссиясының баяндамасы жарияланған кезден бастап қолданысқа енді. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтірместен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаралар кешені.

Тұрақты даму үш негізгі компонент арасында тепе-теңдік сақталуы керек:  экономикалық өсу, әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық тепе-теңдік. «Жасыл экономиканың» міндеті – осы аталғандардың басын біріктіру және бір-біріне қайшы келмейтіндей үйлестіру.

Қазақстан «жасыл экономика» дамыған елдерден артта қалып отыр. Біздің еліміз табиғи ресурстардың экспортына әлі де тәуелді. Дегенмен су, жел, күн энергиясын өндіруде жақсы көрсеткіштерге жете бастадық. Бұл саланы дамытуға еліміздің әлеуеті жеткілікті.

Осы орайда елімізде өткен жылы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Жалпы соңғы жылдары елімізде экология мәселесіне жақсы көңіл бөлініп келеді. Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» бағыттары бойынша жүзеге асырылмақ.

Табиғатты аялауға әркім үлес қоса алады

Қазақстанда да, басқа елдерде де экологиялық бағдарламаларды енгізудің сәттілігі көбінесе қарапайым азаматтарға байланысты. Әрқайсымыз экологиялық жағдайды жақсартуға және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтауға көмектесе аламыз. Бұл айтарлықтай қолайсыздықтар мен қаржылық шығындарға әкелмейді. Мәселен, сіз қоқысты бөлек жинаудан бастай аласыз. Болашақта бұл пайдалы әдет қалдықтарды азайтуға ғана емес, ақшаны үнемдеуге де көмектеседі. Қоғамдық көліктің пайдасына жеке көліктен бас тарту-экологиялық жүктемені азайтудың тағы бір тәсілі. Көлік ауаның негізгі ластаушысы болып табылады. Саналы таңдау – сапалы тұрмыс кепілі.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста