Экологияны жақсартуда ғалымдардың еңбегі зор
Қазақстанда экологиялық мәселелер жетерлік. Кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселелердің қатарында ауаның ластануы, ауыз судың тапшылығы, қалдықтардың өңделмеуі секілді халықтың тұрмысына тікелей әсер ететін түйіткілдер көп-ақ. Өзекті проблемаларды шешуге уақыт пен жақсы мамандар қажет. Осы орайда еліміздің экологиясын жақсартуға тек ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ғана емес ҚР Білім және ғылым министрлігі де атсалысуда.
Ғылыммен айналысу, су ресурстарын бағалау және оларға климаттық өзгерістердің әсерін болжау оңай міндет емес. Еліміздегі экологиялыө жағдайға қатысты нақты деректерге қол жеткізудегі проблемалар, ғылымды қаржыландырудағы кемшіліктер мен сәйкессіздіктер, нәтижелердің қоғам үшін ашықтығының болмауы осы салада қордаланған мәселелерді шешуге қолбайлау болып келді. Елімізде былтыр қабылданған "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы осындай мәсеелерді түбегейлі шешуге бағытталып отыр.
Қазіргі таңда елімізде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының қолдауымен қырықтан астам экологиялық жоба қолға алынып, рет-ретімен жүзеге асырылуда.
ҚР Министрліктің Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде отандық ғалымдар жасаған бір ғана жобаның өзінен 336 млн теңге табыс түскен.
Ведомство хабарлағандай, ғалымдардың жобасы экологияға пайдасын тигізіп қана қоймай, табыс әкелуде. Айталық, Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасып шығарыпты. Мұндай сүзгілер еліміздің мұнай өндіретін кәсіпорындары үшін таптырмас құрал. Қазақстандағы ең ластанған Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы кәсіпорындарға осфындай сүзгілерді орнату арқылы қалалардағы ауаға таралатын улы газ шығарындыларын біршама азайтуға мүмкіндік береді. Ауаның ластануын алдын алатын осы жаңашылдықтарының арқасында ғалымдар 336 млн теңгеден астам қаржы тапты.
Сондай-ақ еліміздегі Инновациялық зерттеулер мен технологиялар институтының ғалымы Майлыби Алдабергенов тағам қалдықтары мен ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан күрделі қоспадан тұратын құрама жем алу технологиясын ойлап тапты. Ол жаңалық ашып қана қоймай, өзінің технологиясын іске асыруда. Ғалымның айтуынша, құрама жемдер ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да пайдалы компоненттердің толық жиынтығын құрайды. Осындай жемді сатудан түскен табыс шамамен 250 млн теңгені құрап отыр.
Көпшілікке белгілі, еліміздегі көптеген кәсіпорындар, соның ішінде этил спиртін өндіретін кәсіпорындар сыра ашытқысы, спирт бардасы, бидай кебегі, жүзім және алма күнжарасы сияқты өндіріс қалдықтарын қоқысқа тастайды. Жоба авторының айтуынша, дәл осындай қалдықтарды далаға тастағанша, одан малға қажетті жем алуға болады.
Қазіргі таңда бірқатар ғалымдар ірі кәсіпорындарға ESG жобасы арқылы экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселелерін бірден шешетін мүмкіндік ұсынуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында осы жобаның маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. Мемелкет басшысы (ESG) жаһандық энергетикалық және технологиялық жобасына көшу талаптарын күшейтуді тапсырды. Сондықтанда ғалымдар осы бағытта жұмыс жүргізуді бастад және зерттеушілердің ғылыми жаңалықтары толықтай коммерцияландырылуда. Отандық ғалымдар қазір азық-түлік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, экологиялық таза өнім алу, көгалдандыру және баламалы энергия өндіру салалары бойынша жобалар әзірлеп, ізденістерін жалғастыруда.
Айнұр Нұрсабет