Алматыда лак және бояу материалдары өндірісі жұмысын бастады

Алматыда лак және бояу материалдары өндірісі жұмысын бастады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Алматыда «COLOR International Technologies» ЖШС-ның лак және бояу материалдары өндірісі жұмысын бастады.
Алматы қаласындағы лак-бояу материалдарын шығаратын зауыт ішкі нарықты толықтай қамтып, тауарды сырттан тасуды азайтады. Республикада баламасы жоқ өндіріс толық автоматтандырылып, еуропалық жоғары технология арқылы жылына 15 мың тонна бәсекеге қабілетті, экологиялық таза өнім шығарады.

«Аса құрметті Елбасы! «COLOR International Technologies» зауыты - бояу материалдарын шығарытын ірі кәсіпорындардың бірі. Бізде өндірістік үдерістің 98 пайызы автоматтандырылған. Біздің тауардың көлемі мен сапасы және бағасы отандық нарықты импорттық өнімге тәуелділігін төмендетеді», - деді «COLOR International Technologies» ЖШС Бас директоры Құрманғазы Ықыласбеков.

Елбасы еліміздегі өндірістерді іске қосуға құрылыс материалдары өте қажет екенін айта келе: «Өте қажет зауыт пайда болып отыр. Сырттан тасымалдамай, өзімізде шығарып, халқымызды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз», - деді.

Автор: Руслан Ғаббасов 

www.inform.kz/kaz/article/2849029

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста