"Жыныстық жолмен жұқтырғандар көп": Дәрігерлер қауіпті инфекция жайлы дабыл қақты

Ақтөбеде эпидемиолог дәрігерлер дабыл қақты. Аймақта ВИЧ-инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырған жастар көбейген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 551 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырды. Биыл төрт айдың ішінде 25 адамнан ауру белгілері анықталған. Оның 88 пайызы жыныстық жолмен, қалғаны есірткі тұтыну барысында жұқтырғаны белгілі болды.

 

"Қазір бұл инфекция жастар арасында жыныстық жолмен беріліп жатыр. 2000 жылдары есірткі тұтынушылар арасында тараған болса, қазір жыныстық қатынас арқылы беріледі. Қауіпті вирусты жұқтырушылардың дені – 20-39 жас аралығындағы азаматтар. Алғашқы жыныстық қатынастан кейін жұқтырғандар бар. Сауалнамадан соң жастардың көбі мүшеқап қолданбайтыны белгілі болды. Бұл тек Ақтөбеге қатысты емес. Әлемдегі жағдай осындай. Қорғалмаған жыныстық қатынасты таңдайтындар көп", - дейді облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова.

 

Ақтөбеде ВИЧ-инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алу мақсатында науқан өтіп жатыр. Дәрігерлер осылайша қоғамға үндеу жасап, жұқпалы аурудан сақтануды ескертеді.

 

Мамандардың айтуынша, соңғы 4-5 жыл аралығында өз еркімен тексеруден өтетіндер көбейген.

 

"Бұл дерт әйелдерге қарағанда ерлерде көбірек тіркеледі. Бір қуантатыны, өз еркімен тексерістен өтетіндер көбейді. Иммунитеті төмендеп, дәрігерге қаралу кезінде ВИЧ анықталып жатқандар бар. Бұл ауруды толық емдеу мүмкін болмағанымен, адам әрі қарай қалыпты өмір сүре алады. ВИЧ жұқтырып, дұрыс емделудің нәтижесінде жүктілікті жоспарлайтындар, дені сау сәби өмірге әкелетіндер. Сондықтан үш ай сайын қан талдамасын жасатып, уақытында ем алса, нәтижесі де жақсы болады", - дейді Уразалинова.

 

Эпидемиолог дәрігерлер полиция департаментімен есепке алынған жеңіл жүрісті қыздар арасында бұл ауру белгілері жоқ екенін айтты. Қазір есірткі тұтынушылар арасында да ВИЧ белгілері азайған.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста