Жемістер бауыр ауруларының себептерінің бірі болып саналады, деді эндокринолог Зухра Павлова. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігер жемістердің құрамында көмірсулар, глюкоза мен фруктоза бар екенін еске салды. Жемістің көп мөлшерін жеу бауырдың алкогольсіз ауруына әкелуі мүмкін. Бұл мәселені болдырмау үшін жеміс –жидектермен азықтану кезінде бөлу қажет және оларға шамадан тыс махаббаттан аулақ болған дұрыс.
"Сүйекті жемістерде глюкоза көп, ал фруктоза аз болады. Дәнді жемістерде керісінше фруктоза көп және глюкоза аз", - деп қосты маман.
Эндокринолог глюкозаның инсулинмен өңделетінін түсіндірді.
Дәрігер өз кезегінде жемістерді басқа тағамдармен бірге жеуге кеңес берді. Жемістерді жеу арқылы адам инсулиннің бөлінуіне әкелетін глюкоза мен фруктозаны алады. Сонымен бірге бауыр ауруының алдын алуға ақуыз көмектеседі.