Денсаулық сақтау министрлігі мастық деңгейін төртке бөліп отыр.
Егер алкотестер жүргізушінің қанының құрамында 0,5-тен 1,5 промиллге дейін спирт барын көрсетсе, ол жеңіл-желпі мас деген сөз.
0,5 промилле деген жарты литрлік екі бөтелке сыра немесе 200 грамм арақ.
Ал 1,5-тен 2,5 промиллеге дейінгі орташа, 2,5-нан 3 промиллеге дейін жоғары, 3-тен 5 промиллеге дейінгі ауыр деңгейдегі мастық болып саналады.
Соңғысынан адам өліп те кетуі мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі мастық деңгейін анықтау тәртіпті өзгертуге мәжбүр болыпты. Өйткені, соңғы кезде араққа әуес көлік жүргізушілеріне қатысты даулы істер көбейіп кеткен.
Бақытжан Нұрәлиев, Алматы қаласындағы Республикалық психиатрия, психатерапия және наркологиялық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:
-0,3 дейінгі промиллге - ағзадағы биологиялық эндогенді спирт болып есептеледі. Яғни, адам мас емес немесе квас ішті деген сөз.
Ал 0,5 промилле болса, ол ащы судан ұрыттағаны.
Және жаңа тәртіп бойынша, полицей хататма толтырылған уақыттан немесе көлік апаты болған сәттен бастап есептеледі.
Себебі, мастықтың деңгейін екі сағаттың ішінде анықтау керек.