Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады – SputnikPro сарапшысы
Пандемия кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпараттар вирустардан да тез таралады. SputnikPro сарапшысы қандай фейктердің "белгілері" бар екенін және оларды қалай тануға болатындығын айтып берді, - деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Коронавирус пандемиясы кезінде бүкіл әлемде жалған ақпарат таралып жатыр, оның да теріс салдары болады. SputnikPro ағарту жобасының сарапшылары журналистер мен блогерлерге арналған шеберлік сағатында фейктерді қалай әшкерелеуге болатынын және оны не үшін жасау қажеттігін айтып берді.
"Пандемия мен карантиннің аясында біз инфодемияға тап болдық. Яғни, жалған жаңалықтар көбейді, мұндай кезде адамдардың ақпарат оқитын уақыты көп болғандықтан, олар тез таралады", - дейді РИА Новостидің "Не верю!" фейкке қарсы подкасының жүргізушісі Игорь Кривицкий.
Ол фейктердің ұқсас белгілері бар екенін айтып, олардың негізгілерін тізіп шықты.
Олардың ішінде:
- хабарлама жасырын және эмоционалды;
- адамға сендіру мәнерін қолданады;
- тексеруге болатын фактілер жоқ;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнгені туралы, көптеген адам құрбан болатыны жайлы мәлімет бар;
- билік ақпаратты жасырып отырғаны туралы жиі айтылады;
- болған жағдайдың "шынайы" ауқымы жайлы хабарланбағаны баса айтылады;
- құқық қорғау органдарындағы "өз адамын", туысы немесе танысын дереккөз ретінде көрсетеді.
"Жалған жаңалықтарды көбінесе жалқау адамдар қолданады. Бізге бірдеңені тауып оқудан гөрі жаңалықты жібере салу оңай", - деді Кривицкий.
Мәселен, фейктер ресми ақпараттарға қарсы қойылады, өз шындықтарын дәлелдеуге тырысады.
Тағы бір танымал тәсіл – "сарапшылығы" мәселе тудырмайтын танымал медиа тұлғаға сілтеме жасалады. Бұған коронавируспен күресу үшін сарымсақ жеу қажет деген аудиофейк мысал бола алады. Қазақстанда аудио танымал дәрігер Жақсылық Досқалиевтің атынан, ал Ресейде профессор Леонид Рошальдың атынан таратылды.
Жалған ақпарат кейде кішкене шындықпен күшейтіледі, ол адамды қанша жерден керемет болса да, фейкке тұтастай сенуге мәжбүр етеді.
Фейкті не істеу керек
Кривицкий, ең алдымен, дереккөзді іздеуге кеңес береді. Егер ол табылса, "бірден тексеру оңай: Кім? Қашан? Кімге? Неге? Бұл кімге пайдалы?".
"Сыни тұрғыдан ойлауды және қайта тексеруге параноидты бейімділігіңізді дамытыңыз. Егер бойыңызда эмоция, үрей, жақын адамдар үшін қорқыныш, ашу болса, егер алғашқы реакция эмоционалды болып, кейін ғана қайта ойлана бастасаңыз,бұл хабарламаның фейк емес екеніне көз жеткізіңіз", - деп кеңес береді журналист.
Сарапшының айтуынша, мәтін, фото және видео фейктердің дәлдігін тексеру қиын емес, кілт сөздерді, аты-жөндердің, кадрлардың скриншоттарын іздеу жүйелерін қолдана отырып анықтауға болады.
Кривицкий мысал ретінде киберқауіпсіздік бойынша сарапшылардың бірінің пікірін келтірді.
"Дүрбелеңге бейім ата-аналар, "аналар" және басқа топтарға тітіркендіретін ақпараттар жіберіледі. Адамдар күйгелектене бастап, оны жаппай таратады. Содан кейін ол әлеуметтік желілерге, содан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына ауысады. Барлығы алдын ала дайындалады, ал уақыты келгенде оларды белгілі бір мақсат үшін пайдаланады", - деп түсіндірді сарапшы.