Туберкулез – осы ауруға шалдыққан науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшылары арқылы жұғатын инфекциялық ауру.
Туберкулездің алдын алу үшін мынадай белгілерін білу аса маңызды: жөтелдің екі аптадан асуы; салмақ пен тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, кеуденің ауруы; дене температурасы көтерілуінің ұзаққа созылуы; әлсіздік, тез шаршу; қан аралас қақырықтың бөлінуі.
Жөтел екі аптадан асса және қосымша бір-екі белгілері болса, кез келген медицина мекемесінен жедел тексеруден өту қажет. Халықаралық стандарттарға негізделген туберкулезді диагностикалау және оны емдеудің жаңа жедел әдістері әр азаматқа тегін.
Егер сіз оқу орнында оқысаңыз, жыл сайын туберкулезге флюорографиялық тексеруден өтіңіз.
Егер дүниеге бала әкелсеңіз, перзентханадан шыққаннан кейін бір ай ішінде міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтіңіз.
Егер Қазақстанға уақытша тұруға келсеңіз, оның ішінде еңбек миграциясы бойынша, туберкулезге флюорографиялық тексеруден өтіңіз.
Егер сіздің ұзақ уақыт тұрақты тұратын жеріңіз болмаса, туберкулезбен ауыру мүмкіндігіңіз жоғары, сондықтан жыл сайын туберкулезге флюорографиялық тексеруден өтіңіз.
Егер сіздің жөтеліңіз екі аптадан асса және жоғарыда аталған белгілерді байқаған болсаңыз, жедел түрде кез келген аймақтық медициналық мекемеге жүгінуді ұсынамыз.
М.ЖАНСЕЙІТОВА,
Бостандық аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы эпид бөлімінің басшысы