Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы кесар тілігінен кейін ұзақ уақыт комаға түскен әйелдің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Пациентке медициналық көмек көрсетілген бағдары бойынша Денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесі бойынша емхана және перзентхана деңгейінде медициналық көмек Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациентке медициналық көмек көрсетілгені анықталды.
Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің бүкіл денесінде кенеттен аллергиялық реакция, гипотензияға әкелген анафилактикалық шок болған, жүрек қызметі тоқтаған. Жүрек-өкпе реанимациясы толық көлемде, уақтылы жүргізіліп, жүрек қызметі қалпына келтірілген. Денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауында.
Астана қаласының ұлттық координациялық жедел медицина орталығының мамандарының қатысуымен телемедицина арқылы бірнеше рет кеңес өткізілген. Емдеу тактикасы Республикалық орталықтарының мамандарымен және Шымкент қаласының білікті мамандарымен келісіп жүргізілген.
Қазіргі кезеңде санасы терең қысымында (глубокое угнетение сознания), неврологиялық оңалту және мұқият күтім қажет.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен өткен дәрігерлік кеңестің шешімі бойынша әрі қарай оңалту үшін N2 қалалық ауруханаға қарасты неврология бөлімшесіне ауыстырылып, емдеу жүргізілуде.