Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.
Бастапқыда «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған. Алайда Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өлімге жүрек талмасы себеп болғанын хабарлады.