Қытай билігі елдің коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді

Қытай билігі елдің коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді

Қытай басшылығы коронавируспен күресте «ірі әрі шешуші жеңіске жеткенін» жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Deutsche Welle агенттігінің жазуынша, 17 ақпанда ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің отырысынан кейін жарияланған мәлімдемеде «Қытай қараша айынан бастап салыстырмалы түрде қысқа мерзімде пандемиядан қалыпты өмірге «ойдағылай көшті» деп мәлімдеді.

«Тәжірибе көрсеткендей, Орталық Комитеттің пандемияға қатысты жағдайды бағалауда дұрыс шешімдер мен стратегиялық түзетулер қабылдағанын дәлелдеді», - делінген құжатта.
Жиынды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізді.

Қытайдағы мемлекеттік БАҚ мәліметтері бойынша, коронавирус пандемиясы кезінде елде 200 миллионнан астам ауру жұқтырған адам медициналық көмек пайдаланған. 800 мыңға жуық ауыр науқас емделген. Сонымен қатар «Қытай COVID-19 бойынша әлемдегі ең аз өлім тіркелген ел болды», «Қытай адамзат тарихында ғажайыпөа қол жеткізді» деп жарыса жазды. Ал Синьхуа агенттігі «Қытайдағы жағдай жақсарған сайын, вирус әлемнің басқа аймақтарында көбірек таралып, мутациясын жалғастыруда» деп жазды.

Бұл ретте Саяси бюро Қытайдың 1,4 млрд халқын қырағы болуға шақырады. Жергілікті үкіметтер денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және «еңбекпен жеткен табысты» сақтауға міндетті. Саяси бюро егде жастағы тұрғындарды вакцинациялауды жеделдету туралы да шешім қабылдады.

Қытайдағы ковидке қатысты түсініксіз жағдай

Қытайдағы ковид жағдайы туралы нақты әрі шынайы ақпарат жоқ. Желтоқсан айының басында Қытай үкіметі шектеулерді, мәжбүрлі карантиндерді, халықты жаппай тестілеу арқылы коронавирусқа қатаң нөлдік төзімділік саясатын алып тастады. Қоғамдық денсаулық сақтау шенеуніктерінің бағалауынша, содан бері 1 млрд-тан астам адам вирус жұқтырған.

Қайтыс болғандар туралы деректерді жариялауға тыйым салғанымен, крематорийлер өлгендердің денелерін өртеуге үлгере алмай жатыр. Ресми үгіт-насихат та жағдайдың маңыздылығын төмендетіп отыр. Желтоқсанның басынан ақпанның басына дейін, ресми мәліметтерге сәйкес, тек ауруханаларда 83 150 адам қайтыс болды. Дәрігерлердің өлім себебі ретінде ковидті көрсетпеуге мәжбүр болып жатқаны туралы ақпарат бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста