«Құрттаған тістің» салдарынан қандай аурулар пайда болады?

АҚШ-тың Коннектикут штатының зерттеушілері құрттаған тістердің жүрек-қантамыр ауруларының пайда болуына әсер ететінін анықтады.
«Аргументы недели» мәліметтеріне сүйенсек, ауыз қуысындағы бактериялар қан айналымына түсіп кетіп, әрі қарай адамның басқа органдарына таралуы мүмкін. Ғалымдар периодонтиттің бірқатар жүрек-қантамыр аурулары мен диабеттің туындауына себептесетінін анықтады.

Тіс адам өміріндегі екі рет шығады. Алғашқыда 20 сүттіс өсіп шығады. Олар дені сау сәбилерде алты айдан бастап екі жарым, кейде үш жасқа дейін шығып болады. Кейін 6 жастан бастап сүттістер орнына тұрақты 28 – 32 тістер шыға бастайды.

Ауыз қуысында жиі кездесетін ауру – тісжегі (кариес). Мұнда әуелі тістің эмалі үгіледі, содан кейін дентин қабаты ойылады. Біздің елімізде ересектердің 80%-ы тісжегіден зардап шегеді. Тісжегі пайда болғанда, тіс бірден ойылмайды, әуелі ол тіс эмалінде кішкене дақ түрінде білініп, ұлғая келе эмальді бұзып, дентинге түседі. Дентині бұзыла бастаған адамның тісі ыстық немесе салқын ас ішкенде, тістің арасымен салқын ауа жүргенде, ауыра бастайды. Тістің ауруын дәл осы кезеңде емдеп тоқтатуға болады.

Тіс ойылса, эмалі мен дентині опырылып, қуысындағы қан тамырлары мен нерві зақымдалады. Ауыз қуысындағы микробтар оларды қабындырады (пульпит), сөйтіп тіс ауруы асқына түседі. Тіс ойылып пульпитке ауғанда, тістің қуысындағы заттар шіріп, ауыздан жағымссыз иіс шығатын болады. Тістің нервісі мен қан тамырлары қабына бастаған кезде, емдете қойса, тісті аман алып қалуға болады. Кейде тістің нерв пен қан тамырларының немесе тіс түбірі ұясының қабынып ауырғаны ұзаққа созылса, олардың іріңі, бактериялар мен уы қан арқылы денеге тарайды. Мұндайда адамның тұла бойын ірің жайлап ауырады (сепсис), жүрек, бүйрек, бауыр тәрізді жеке ағзалары қабынып іріңдейді.

Кейбір адамдар тістерін күнделікті тазартпайды, ойылған тістерінің арасына ішкен тамағы тығылып, микробтардың ұясына айналады, әлгіндей тығылып шіріген қалдықтың бір миллиграмында 800 миллиондай микроб болады.
Қай жасқа келсе де адам ауыз қуысының тазалығы мен саулығына ерекше көңіл бөлуі қажет. Сондықтан әрбір азаматтың тісі ауырмаса да, тіс дәрігеріне жылына екі рет көрініп тұрғаны жөн.

Сарапшылардың пікірінше, егде жастағы адамдардың ауыз қуысы саулығына ерекше мән бергені жөн.

«Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін әрбір маман егде жастағы пациенттерінің ауыз қуысы гигиенасының сақталуын қамтамасыз етуі керек», - деп атап өтті отбасылық медицина профессоры, аталмыш зерттеудің авторы Патрик Колл.

Ғалымдардың деректеріне сәйкес, тісжегі жастардан қарағанда зейнет жасындағы адамдарда 2 есе көп кездеседі. Бұл өз кезегінде ауру туындау қаупін екі есе арттырады.

Тісті жай ғана тазартып қана қоймай, оның санациясына, яғни саулығына аса мән беру керек.

Стоматолог Константин Новицкийдің айтуынша, міндетті түрде тісті кешкі уақытта тазартқан дұрыс. Себебі күндіз сілекейдің тазартқыш қасиетінің арқасында тістер тіс қағының зиянды әсерінен қорғайды. Ал түнде сілекей өте аз мөлшерде бөлінетіндіктен, ауыз қуысындағы бактериялар көбейіп, тіске жағымсыз әсері ете бастайды.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста