Қазақстандықтар Ажар Ғинияттың жұмысын сынға алды

Қазақстандықтар Ажар Ғинияттың жұмысын сынға алды

Бұған дейін Астанада қайтыс болған адамдарды емханаларға заңсыз тіркегені белгілі болған еді. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов кінәлі тұлғалардың тек тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа сұрақ қойды:

 

"Неліктен кінәлі адамдар тек тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Мұнда онсыз да жетіспей жатқан азаматтардың қаражаты қасақана ұрланғаны анық. Сізге бұл МӘМС қатысатын сыбайлас жемқорлық схемасы секілді көрінбей ме? Өйткені қор қызметкерлері көрсетілмеген қызметтерге ақы төлеп жатқанын білмеуі мүмкін емес", - деді ол.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары Әбеновтің пікірімен келісіп, қазақстандық медицинада тәртіп жоқ екенін айтты:

 

"Медицинада қашан тәртіп ортылар екен?"

 

"Нақты сұрақтарға нақты жауаптарды көргім/тыңдағым/оқығым келеді, шаралар қабылданады деген кезекші жазба емес"

 

"Бақылаусыздық және жазасыздық", - дейді пайдаланушылар.

 

Ғинияттың өзі азаматтардың наразылығына жауап беріп, министрлік пен сақтандыру қорындағы тіркелу мәселесі ведомствода "белсенді түрде көтеріліп, анықталып жатыр" деп атап өтті.

 

"Қор барлық көрсетілген қызметтердің тек 10%-ын мониторингтен өткізеді, цифрландырудың аяқталмауына байланысты үздіксіз бақылау жоқ. Мониторинг арқылы анықталған заң бұзушылықтар тиісті органдарға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша әкімдік пен ДСБ шаралар қабылдайды", - деді министр.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Наталья Годунова Медсақтандыру қорындағы бұзушылықтар туралы айтып, қор жұмысына аудит жүргізілетінін мәлімдеген.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста