Бүгiнгi күнi елiмiзде жүрек ауыстыру операциясы орташа алғанда 20 мың доллар тұрады.
Бұл туралы бүгiн Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя мәлiм еттi.
"Өте қымбат операциялар бар, мысалы, жасанды жүрек имплантациясы, жүрек трансплантациясы. Бұл шығындарды бүгiнде мемлекет өтеп отыр. Орташа алғанда, бiр операцияға мемлекет 20 мың доллар жұмсайды", - дейдi Юрий Пя.
Оның айтуынша, Қазақстанда трансплантология саласы дамып келедi. Бiрақ, донор тапшылығы мәселесi өте өзектi болып отыр.
"Бұл тек медициналық қана емес, сондай-ақ, әлеуметтiк мәселе. Бiздiң тарапымыздан жасалып жатқан жұмысқа тоқталсақ, трансплантация жасай алатын мамандарды даярлап жатырмыз, мұндай операциялар жасалып та жатыр. Бiрақ, бiзде донор тапшылығы мәселесi өзектi, қоғам бұған әлi де дайын емес. Балалар трансплантологиясында донор табу тiптен қиын. Бiзде ғана емес, бұл әлем бойынша үлкен проблема", - дейдi төраға.
Қазақстанда жүрек ауыстыру операциясы $20 мың тұрады
Последние статьи автора