Қазақстанда маймыл шешек ауруы анықталған жоқ – Санитарлық бақылау комитеті

Қазақстанда маймыл шешек дерті тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап, inbusiness сайты жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні бұл инфекцияның ел аумағына әкелінуіне жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданды. 

Комитет Қазақстандағы әуежай, вокзал, порт, автоөтпелерде 39 санитарлық-карантин пункті ашылып, арнайы термометрпен келгендер тексеріліп жатқанын айтады. Атап айтсақ, 39 санитариялық – карантиндік пункттерде (әуежайлар – 17, теміржол вокзалдары – 5, теңіз порттары – 2, автоөтпе жолдар-15) мемлекеттік шекарада аса қауіпті ауруларға күдікті науқастарды қашықтықтан термометрияның көмегімен әкелуді анықтау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

Ведомство өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, Африка елдерінен және 2022 жылы осы инфекцияның әкеліну жағдайлары тіркелген елдерден келгендерді жіті тексеруден өткізеді.

"Әсіресе Африка елдерінен және маймыл шешек табылған елдерден келгендер қатаң тексеріліп жатыр. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында", - деп мәлімдеді комитет.

Әдетте Африка елдерінде ғана кездесетін маймыл шешек ауруы биыл Еуропа, Америка құрлықтарында да тараған. Африкадан тыс ондаған елде жүзден аса адам осы дертке шалдыққан еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әдетте маймыл шешек ауруы кездеспейтін елдерде эпидемиялық бақылау күшеймесе, науқас көбеюі мүмкін деп болжап, елдерді шара қабылдауға шақырған.

Маймыл шешегі кезінде қауіпті кезеңнің ұзақтығы 5-тен 21 күнге дейін. Ауру жұққан адамда клиника жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, айналуы сипатталады. Алайда, өлім-жітім көрсеткіші 10% - дан аспайды. Аурудың ұзақтығы-2-3 апта.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста