Өткен тәулікте елімізде 169 адам коронавирус инфекциясын жұқьырған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
15 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.