ОҚО-да қыз болып туылып, кейін ұлға айналған сәбидің тағдыры

ОҚО-да алғашында дәрігерлердің айтуынша мүгедек боп туылып, өмір сүре алмайды деген сәби аман-есен дүние есігін ашады. Алайда шала болып дүниеге келген қыз баланың жынысында уақыт өте ұлдың белгілері анықталған.
Алғашқы ота жасалған сәбиге енді келесі хирургиялық көмек алу үшін шамамен 6 млн теңге қаржы керек. Бір өкініштісі, отаны жасаған ресейлік дәрігер баланың ата-анасына ондай қаржыға тұтас бір Қазақстанның шамасы жетпейді деп кесіп айтқан, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ордабасы ауданының 27 жастағы тұрғыны Сәуле Елбасиева 2013 жылы үшінші баласына жүкті болып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Тиісті тексеруден өткен соң, оған ақ халаттылар іштегі баланың мүгедек боп туылып, тіпті өмір сүрмейтінін кесіп айтқан. Сол үшін баланы алдырып тастауға кеңес береді.
Алайда, аяғы ауыр келіншек облыс орталығы Шымкенттегі мамандарға қаралады. Ондағы дәрігерлер де тексеру қорытындысын өзгеріссіз қалдырыпты. Құрсағына біткен баладан бас тарта алмаған келіншек Астанаға жол тартып, «Ана мен бала» орталығына барады.

Бір қызығы, елордалық ақ халаттылар Сәуле Елбасиеваға ешнәрсеге алаңдаудың қажеті жоқтығын, себебі баланың дені сау екенін айтады. Қуанышы қойнына сыймаған әйел белгілі бір уақыт өткен соң жергілікті мамандарға тағы қаралады. Ондағылар өздерінің қойған қорытындысын жоққа шығармай, тағы да баланы алдыруға кеңес беріп, Шымкентке жібереді.
Бұл кезде келіншектің құрсағында сәби жеті айлық болатын. Облыс орталығында периниталдық орталыққа барған тұрғынның медициналық құжаттарын көрген дәрігерлер баланың мерзімі тым үлкен екенін алға тартып, өздігінен босандыруға кіріседі. Толғағы қысқан келіншек жеті айлық мерзімінде салмағы - 1 келі 770 гр, бойы - 50 см сәбиін босанады.

Негізінде шала туған сәбилер біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатуы тиіс. Бірақ, Сәуленің баласы бір-ақ түн жансақтау бөлімінде жатып, тіпті өздігінен ана сүтін еме бастайды. Алайда, сәбидің жынысы кеш дамығандықтан оның ұл не қыз екенін анықтау қиынға түсіпті. Сөйтіп қызға ұқсағандықтан, «Айару» деген есім беріп, құжатына "қыз" деп жаздырып алған.
Анасымен бірге үйіне аман-есен оралған сәби уақыт өте салмақ қосып, қыз деген сәби ұлға айналады. Медициналық тексеру нәтижесі де Айарудың жынысы ұл екенін анықтайды. Себебі, сәбидің жыныс мүшесі теріге жабысып орналасқандықтан оның жынысын о баста анықтау қиындық туғызған. Алматылық мамандар қыз баланың құжатымен оған ұлға қажетті ота жасамайтынын айтады. Ол аз дегендей, ақ халаттылар мұндай отаны бұған дейін жасап көрмегенін ашып айтыпты.

«Алматыдағы дәрігерлер алғашында баланың жүрегі көтермейді деді. Сонысымен қоса мұндай отаны бұрын-соңды жасап көрмегенін де ашып айтты. Дегенмен эксперимент ретінде жасап көретіндерін жеткізді. Сонда менің балам оларға ойыншық болды ма? Ол аз дегендей, сәбиіңіз құжат бойынша қыз, демек оның жынысын қызға айналдырамыз дегенді де айтты. «Жынысында ұлдың белгілері бар баламды неге қызға айналдыруым керек? маған қажет емес» деп кетіп қалдым», - деген Сәуле Елбасиева талай табалдырықтың есігін тоздырып жүріп перзенті 2 жасқа толғанда құжатын ауыстырып, Айсүндет деп ұлдың есімін жаздырады.
Айтпақшы, ақ халаттылардың кеңесімен бала түрлі гормондық дәрілерді қабылдайды. Тағы да талай жерге хат жазып, шырылдаған ананы жергілікті мамандар квотамен Алматыға жіберетінін айтыпты. Алайда ондағылардың «бұған дейін мұндай отаны жасап көрмедік» дегенін естіген келіншек отандық мамандарға операция жасатуға қарсы болады.

«Менің жағдайымнан біраз таныстарым хабардар. Бір танысым Матар Асаад есімді ресейлік дәрігер ұлыма қойылған «гермафродитизм» диагнозына отаны сәтті жасайтынын, менің ұлым секілді талай балаға ота жасағанын айтты. Ғаламторды ақтарып, отаның бұл түрі бала 5 жасқа толғанша жасалынуы қажеттігін білдім. Және де ресейлік дәрігермен хабарласқанымда оның Алматыдағы жекеменшік клиникалардың біріне әр алты ай сайын келетінін естіп, қуанып кеттім» деп әңгімесін жалғаған келіншек Матар Ассадтың бір ғана қабылдауына 200 мың теңге төлеп кіргенін айтты. Тек оңтүстікқазақстандық келіншек орыс тілін жетік білмегені үшін біраз кедергілерге тап болған.
«Баламның бүкіл медициналық сараптамаларын көрген Матар Асаад мырза ота жасауға келісті. Ол кісі жағдайды орыс тілінде жеткізді. Мен де бар білгеніммен сөйлестім. 7000 евро туралы айтып, қолыма 350 мың теңге дегенді жазып берді. Шыға сала күйеуіме хабарласып, мән-жайды айттым. Күйеуім «700 еуро шығар, 350 мың теңге 7000 еуро болмайды, сен дұрыс түсінбегенсің ғой» деп ол ақшаны тауып беретінін жеткізді. Содан ота жасалып, сәтті шықты», - деді Сәуле Елбасиева.

Бірақ, дәрігер «ақшаны төледіңдер ме?» деп төтесінен сұрақ қойғанда келіншек «350 мың теңгені кассаға төлеп қойғанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, бұл сома науқастың клиникада жатып ем қабылдауына ғана жұмсалады екен. Ал ота құны 7000 еуро болып шыққан. Ресейлік маман ашуға булығып, Айсүндеттің ата-анасын алаяққа теңеп, тіпті намысына тиетін сөздер айтқан.
«Орысша білмегендіктен осындай жағдайға тап болдым. Мен дәрігерді кәнәлап отырғаным жоқ, балама әлі екінші ота жасалуы қажет. Онсыз да Матар Асаад мырза үш рет жасалуға тиіс отаны бір рет жасап, енді отаның жеңіл түрі қалды. Ал оны жасату үшін алдыңғы қарызымызды қайтару керекпіз. Онсыз бізді тіпті кеңес беруге де қабылдамай жатыр», - деді көзіне жас алған Айсүндеттің анасы.

Осылайша ауылдың қарапайым ғана келіншегі енді ресейлік дәрігердің қызметіне төлеуі тиіс 3 млн 100 мың теңгені қайтара алмай отыр. Ал келесі отаға шамамен тағы сондай ақша кетеді. Барлығын қосқанда, өмірге келе сала тағдырдың қатаң сынына іліккен 4 жасқа жақындап қалған бүлдіршін Айсүндеттің еміне шұғыл түрде 6 млн теңге қажет.

Шұғыл дейтініміз, екінші ота алғашқысынан соң кемінде алты айдың ішінде жасалуы қажет екен. Ал алғашқы ота бүлдіршін 3 жаста болған кезде жасалынған. Тағы бір айта кетерлігі, отаның бұл түрін Ресейде жасату құны шамамен 36 мың еуро. Сәуле Елбасиеваның айтуынша, дәрігер Ассад Матар «Мына заманда орыс тілін қалайша түсінбейсіңдер? Қазақстаннан көмектесетін бір адам табылмағаны қалай? Мен сенбеймін... Егер мен Алматыда емес, Ресейде қабылдаймын десем, ұлыңызды Мәскеуге алып келер ме едіңіз? 6 млн теңгені тауып бере алмай тұрғанда, 36 мың еуроға Қазақстанның ақшасы жетпейді», - деп сөгіп тастапты.

Осы ретте төрт баланың анасы Сәуле Елбасиева барша қазақстандықтардан көмек сұрайды.
«Ұлымның ел қатарына қосылғанын қалаймын. Қолымның қысқалығы болып тұр, қаржым болса, әлдеқашан отасын жасатар едім. Соңғы үмітім - отандастарымда. Жомарт кісілер бар деген үміттемін", - деген көмекке мұқтаж ана туыстарынан қайран жоқтығын айтты.

«Мына заманда кім-кімге көмектессін? Әйтеуір өз жұртым шамасы келгенше жәрдемдесіп жатыр. Бірақ маған қажет ота құны қымбат» деп сөзін түйді ол.

Ақпарат ретінде айта кетейік, шиіттей бала-шағасымен өзгенің үйін паналап отырған келіншектің өзі жұмыссыз. Ал жолдасы базардан нәпақа тауып, отбасын асырап жүр. Бұған дейін жергілікті арналардың бірі арқылы көмек сұраған келіншектің жанайқайына құлақ асар жан табылмапты. Бір ғана астаналық ер кісі баланың жағдайын үнемі хабарласып біліп тұрады. Тіпті көмек беретінін де айтқан. Тек мұнша қаржыны дәл қазіргі таңда тауып беруге астаналық тұрғынның да шамасы жетпейді.

Егер де Айсүндетке көмек қолын созамын деушілер болса, төменгі телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анасы – Сәуле Елбасиева:

Байланыс нөмірі: 8771 630 13 39

Есепшоты:

HALYK BANK - 4390878288237596

SAULE YELBASSIYEVA 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста