Қазақстанда омыртқа операциясына кезекте тұрған науқастардың саны азаймақ. Өйткені Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты жоғары технологиялы медициналық қондырғылар сатып алды. Заманауи аппараттың арқасында қисайған омыртқаларды титан құймаларымен қалпына келтіруге болады. «Бүгінде Қазақстанда жылына 3500-ге жуық травматологиялық және ортопедиялық операция жасалса, жаңа құрылғылардың арқасында бұл көрсеткіш әбден өсуі мүмкін», - дейді еліміздің бас травмотологы Нұрлан Батпенов. Нұрлан Батпенов, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры: - Жамбас буын, тізе буынды, иық буынды ауыстырамыз. Науқастарымыз бұрын 3-4 жылға дейін кезекте тұрса, қазір тізе ауыстыру үшін 2 жыл күтеді. Ал жамбас буын 2-3 айға дейін барады. Бұрын 2 жыл болатын.
Омыртқа операциясына кезекте тұрғандардың саны азаймақ
Последние статьи автора