Обырдың емі арадан табылды, деп жазады islam.kz.
Түркияның Ержиес университетінің медицина факультетінің профессоры, доктор Әлі Үнал әр адамның денесінде үнемі рак жасушалары пайда болып отыратынын айтады. Алайда иммунитет жүйесі күшті адамдар денедегі бұл жасушаларды өлтіріп отырады. Ал иммунитет жүйесі әлсіз адамдар бұл жасушалармен күресе алмағандықтан, көбіне қатерлі ісік ауруына шалдығып жатады. Иммунитет жүйесінің бұзылуы, әлсіреуі, баяулауы, реакция таныта алмайтындай жағдайға келуі секілді себептерден қоғамда қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі жоғарылай береді. Иммунитеттегі мұндай құбылыстар көбіне жас ұлғайған сайын байқала бастайды.
«Жастарда да обырға шалдығу қаупі бар. Адам бұл ауруға кез келген жаста шалдығуы мүмкін. Тек жас ұлғайған кезде бұл қауіп арта түспек. Қатерлік ісіктен қорғану және бұл ауруды жеңудің ең тиімді жолы – ағзаның иммунитет жүйесін күшейту. Араның уынан бастап, прополисі, сүті, секілді ара өнімдері – ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтетін ең табиғи және ең қуатты заттар. Ал обырға қарсы қолданылып жүрген емдер, дәрілер, химия терапия, радиотерапиялар ағзаның иммунитеттік жүйесін қатты әлсіретеді. Ағзаның ауруға қарсы күрес күшін арттырып, жасушалардың рак жасушаларына қарсы күресуі үшін ағза қорғаныс жүйесін күшейтетін заттарға мұқтаж. Ара уы болса, бұлардың ішіндегі ең маңыздылардың қатарынан орын алады. Иммунитеттік жүйе күшейгенде ағза қатерлік ісік ауруын жеңеді», – дейді профессор.
Обырдың емі табылды
Последние статьи автора