Күзгі аллергиядан абай болыңыз!

Тамыздың бірінші он күндігі енді ғана артта қалғанымен, таңғы уақытта ауада күздің иісі сезіледі. Ендеше, бұл жауын-шашын, жел, бұлт торлаған аспанның ауылы алыста емес деген сөз. Дәл осы күз мезгілінде көптеген азаматтардың аллергиясы қозып, оларды беймаза күйге түсіретінін білесіз бе? Күз уақытында пайда болатын аллергия негізінен не себепті туындайды, осыны қарастырып көрелік.
Өсімдіктер тозаңы күздігүні аллергия туындауының басты себебі. Ауа температурасы төмендеп, жапырақтар сарғайып, Табиғат-Ана ұйқыға кетер шақта кейбір өсімдіктер белсенді түрде өсіп-өнуді жалғастыра береді. Дәл осы өсімдіктердің тозаңдары күшті аллерген болып есептеледі. Мұндай өсімдіктерге жусан, ойраншөп, алабота жатады. Көбіне, аталған өсімдіктер қыркүйек айының басында гүлдейді. Мұндай аллергиядан сақтану үшін түнгі сағат оннан таңғы сағат үшке дейін далаға шықпаған жөн. Себебі, аталған өсімдіктердің гүлдеуі осы мезгілге сай келеді.

Дымқыл, жарық түспейтін, ылғал жерлерді өңез басу, көк басу да күзгі аллергендердің бірі. Өңез ылғалды жерлерде тез көбейіп, оның көзге көрінбейтін тұқымдары ауада өте жылдам таралады. Ал күз уақытында жаңбырдың жиі жаууы және жапырақтардың түсуі өңездің ұзақ сақталуына ықпал етеді. Сол сияқты, жылыту маусымы басталғанға дейін үйдегі қоңыр салқында да оның пайда болу қаупі бар. Сол себепті, бөлмені желдетіп, күннің көзін барынша мол түсіруге тырысыңыз.

Шаң-тозаң кенесі де маусымдық аллергияны қоздырушының бірі. Бұл паразит бөлмелерде тіршілік етеді және күз айларында оған «жан біте» бастайды. Оның көлемі бір миллиметрден ширек миллиметрге дейін болғандықтан, шаң-тозаң кенесін көзбен бірден байқау қиын. Мұндай аллерген шаң-тозаңды жерлерде көп таралатындықтан, бөлмеде ылғалды тазалау жұмыстарын аптасына 2-3 рет жүргізіп тұру керек.

Кейбір аллергиктерде таңғы салқын ауа немесе күз мезгілінде температураның ауытқуы да аллергия тудыруы мүмкін. Бұл медицинада «аяз аллергиясы» деп аталады. Салқын ауа райына шыға салысымен сіздің мұрныңыз бітеліп, көзіңіз жасаурап, жылы жерге келгенде осының барлығы сап тыйылатын болса, онда сізде аллергияның дәл осы түрі туындаған. Сол себепті, аязды күндері барынша жылы жерден тапжылмауға тырысыңыз.

Жүннен тоқылған, синтектикалық киімдер де аллергия тудыруы мүмкін. Егер, сізде аллергияның осы түрі пайда болса, онда өз гардеробыңыздағы жүннен тоқылған немесе құрамында синтетикасы бар барлық киім-кешектерден тез арада құтылуыңыз керек.

Жоғарыда аталған күзгі аллергия түрлері мұрынның бітелуі, көздің жасаурауы, терінің тітіркеніп, қызаруы, бөртуі, қышуы, әлсіздік, ашушаңдық секілді белгілерді тудырады. Аллергия аса қауіпті аурулардың бірі болып саналатындықтан, дер кезінде дәрігер-маманға қаралып, дұрыс ем қабылдағаныңыз жөн. Себебі, кей аллергендер тыныс жолдарының дұрыс жұмыс істеуіне де ықпал етеді.

Ақмарал ШАҒАТАЙ
bnews.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста